Испания Аргентинаны жеңіп, әлем чемпионы атанды

/
Испания Аргентинаны жеңіп, әлем чемпионы атанды
Фото: © Alex Grimm / Staff / Getty Images Sport

Испания құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы MetLife стадионында өткен финалда Луис де ла Фуэнтенің шәкірттері Аргентина құрамасын қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңді. Матчтың негізгі уақыты голсыз тең аяқталғанымен, 106-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Ферран Торрес жеңіс голын соқты.

Кездесудің аяқталуына аз уақыт қалғанда Аргентина жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Сан басымдығын пайдаланған испаниялықтар тарихи жеңіске қол жеткізді.

Осылайшa 2024 жылғы Еуропа чемпионатынан кейін әлемдік футболдағы үстемдігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ал Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы әлем чемпионатын күміс жүлдемен аяқтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары