Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы қарсаңында командаластарына әсерлі жазба арнап, бірге жүріп өткен жол мен командалық бірліктің маңызын атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Месси өз үндеуін Instagram-дағы парақшасында жариялады. Ол құраманың суретін бөлісіп, команданың жетістіктеріне үлес қосып жүрген барша жанға алғысын айтты.
"Осы жылдар ішіндегі ең кереметі – жеңіп алған титулдарымыз ғана емес, біз бірге жүріп өткен жол. Күн сайын команданың бір бөлігі болу, иық тіресе күресу, қиындықтарды еңсеру және әр сәттен ләззат алу.
Барлық әріптесіме, бапкерлер штабына және осы құраманың нағыз отбасы болып қалуы үшін күн сайын еңбек етіп жүрген әрбір жанға алғыс айтамын.
*Ертең не болса да, бұл команда біз ешқашан ұмытпайтын және ешкім өшіре алмайтын тарихты жазып қойды. Алға, Аргентина!" – деп жазды футболшы.