Астана маңындағы демалыс орнында бассейн суына алты жасар бала батып кетті

/
Астана маңындағы демалыс орнында бассейн суына алты жасар бала батып кетті
istockphoto

Ақмола облысының полицейлері Қосшы қаласындағы демалыс орындарының бірінде көз жұмған баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 17 шілдеде Қосшы қалалық полиция бөліміне демалыс аймағындағы бассейнде шомылу кезінде кішкентай баланың мерт болғаны туралы хабарлама түскен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды, – деп хабарлады ведомство.

Редакцияның мәліметінше, көз жұмған бала 2020 жылы туған.

Оқиғаның өзге мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.

Полиция ата-аналар мен заңды өкілдерді балаларды су айдындары мен бассейндердің маңында қараусыз қалдырмауға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары