Степногорскіде ер адам бұрынғы әйелінің көлігін ұрлап кетіп, жол апатына түсті

/
Степногорскіде ер адам бұрынғы әйелінің көлігін ұрлап кетіп, жол апатына түсті
shutterstock.com

Степногорскіде бұрынғы жұбайының автокөлігін рұқсатсыз айдап кеткен ер адам ұсталды. Полиция мәліметінше, күдікті көлікпен жол апатына түсіп, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам отырыстан кейін мас күйде болған. Сол кезде бұрынғы әйелінің Renault Scenic көлігінің кілті өзінде қалғаны есіне түскен.

Көліктің әдеттегі тұрақта тұрғанын білген ол сол жерге барып, иесінің келісімінсіз автокөлікті айдап кеткен.

Біраз уақыттан соң әйел көлігінің жоғалғанын байқап, полицияға арызданған.

Тексеру барысында күдіктінің ұрланған көлікпен жол-көлік оқиғасына ұшырағаны анықталды. Апаттан кейін ол оқиға орнын тастап кеткен.

Тәртіп сақшылары ер адамның жүрген жерін анықтап, оны ұстап, полиция басқармасына жеткізді.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар