Төрт айда 80 рет жол ережесін бұзған: Астана тұрғыны 15 тәулікке қамауға алынды

/
Төрт айда 80 рет жол ережесін бұзған: Астана тұрғыны 15 тәулікке қамауға алынды
istockphoto

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотта анықталғандай, тұрғын наурыз–маусым айлары аралығында жол ережесін бұзып, белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін 80 реттен астам әкімшілік жауапқа тартылған.

"Әкімшілік жауапқа бірнеше рет тартылғанына қарамастан, ол өз әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігін сезіне отырып, жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзуды жалғастырған. Көлік құралын екі рет белгіленген жылдамдықтан едәуір асырып, тиісінше сағатына 151 км және 126 км жылдамдықпен басқарған", - дейді сот.

Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді. Тұрғын бірнеше рет, оның ішінде белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғанын, барлық салынған айыппұлдарды төлегенін түсіндірді. Сондай-ақ құқық бұзушылықтардың басым бөлігінде көлік құралын өзі басқарғанын растаған.

Істі қарау нәтижесінде сот оны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар