692
Баспа, радио және интернет журналистика саласының мамандары «Үркер» сыйлығымен марапатталмақ
Баспа, радио және интернет журналистика саласының мамандары «Үркер» сыйлығымен марапатталмақ
Биыл қазақстандық телевизияның үздіктері «Тұмар» сыйлығымен марапатталғаны белгілі. Осы орайда баспа, радио және интернет журналистика саласына еңбегі сіңген мамандар да марапатталмақ. Елімізде тұңғыш ұлттық «Үркер» сыйлығы жарияланды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің Фейсбук парақшасында жазды.
Басты мақсат – талантты журналистер мен сапалы медиа-жобаларға қолдау көрсету. Сыйлық 15 аталым бойынша беріледі. Журналистиканың дәстүрлі салаларымен қатар, «Үздік фотосурет», «Қазақстан туралы ең үздік танымдық материал» және «Қазнеттегі медиа серпіліс» сияқты бағыттар қамтылады. Байқауға өтініш 7 мамырдан бастап el.kz сайтында қабылданады.