Оралда адасып кеткен бала ата-анасына аман-есен табысталды

/
Оралда адасып кеткен бала ата-анасына аман-есен табысталды

Орал қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қызметін атқарып жүрген  Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері адасып кеткен баланы тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 15 шілде күні сағат 19:35 шамасында Киров атындағы саябақта болған. Қызмет барысында әскери жасақ жалғыз жүрген баланы байқап, бұл туралы кезекші бөлімге дереу хабарлаған. Кейін баланың ата-анасын анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылды.

Әскери жасақ бастығы, ефрейтор Қайырлы Ахқайыров пен қатардағы Мадияр Жолболдының қырағылығы мен жедел әрекетінің нәтижесінде бүлдіршін көп ұзамай ата-анасына табысталды.

Баланың анасы әскери қызметшілерге алғыс айтып, олардың кәсібилігі мен жанашырлығын ерекше атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар