Астана тұрғыны мас күйінде Есілден жүзіп өтпек болған

/
Астана тұрғыны мас күйінде Есілден жүзіп өтпек болған
видеодан скриншот

Бүгін күндіз Астана қаласында «Газмашаппаратура» саяжайы маңында Есіл өзенінің акваториясын патрульдеу барысында құтқарушылар суда мас күйінде жүзіп жүрген ер адамды байқады. Азамат өз бетінше өзеннің арғы бетіне жүзіп өтпек болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құтқарушылардың жедел әрекеті нәтижесінде 1981 жылы туған ер адам судан шығарылып, қауіпсіз жерге жеткізілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Қауіпсіздік талаптарын бұзған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ТЖМ ескертеді:

- мас күйінде суға түспеңіз;

- өз мүмкіндігіңізді дұрыс бағалаңыз;

- құтқарушылардың талаптарын сақтаңыз;

- балаларды су маңында қараусыз қалдырмаңыз;

- тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда шомылыңыз.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары