Алматы қаласында әкімшілік ғимараттан өрт шықты

/
Алматы қаласында әкімшілік ғимараттан өрт шықты
t.me/qr_tjm

14 шілде күні кешкі уақытта Алматы қаласының Алатау ауданындағы Томирис шағын ауданында орналасқан әкімшілік ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына жоғары дәрежелі шақыру бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жіберілді. Өртті сөндіру жұмыстарын үйлестіру үшін жедел штаб құрылды.

Құтқарушылар ғимарат ішінде адамдардың бар-жоғын анықтау мақсатында барлау жүргізді. Сондай-ақ жасырын жану ошақтарын табу және жою үшін шатырдың жекелеген бөліктерін ашуға тура келген.

Өрт сөндірушілер бір мезетте екі бағытта жұмыс істеді. Мамандар негізгі өрт ошағын ауыздықтап, жалынның көршілес ғимараттарға таралуына жол бермеуге күш салды.

Суды үздіксіз жеткізу үшін жақын маңдағы барлық қолжетімді ашық су көздері пайдаланылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің кейінгі мәліметінше, өрт толықтай сөндірілді. Оқиғаның себептері мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар