«Заң мен тәртіп»: Жетісуда қоғамдық орында ішімдік ішкен 3 мыңға жуық адам жауапқа тартылды

/
«Заң мен тәртіп»: Жетісуда қоғамдық орында ішімдік ішкен 3 мыңға жуық адам жауапқа тартылды
polisia.kz

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында күнделікті жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ерекше назар қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді тұтыну және мас күйінде жүру фактілерін анықтауға және олардың жолын кесуге аударылуда.

Мұндай құқық бұзушылықтар қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді.

Құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға Жедел басқару орталығының жұмысы айтарлықтай ықпал етуде.

Бейнебақылау жүйелері арқылы орталық қызметкерлері құқық бұзушылықтарды тәулік бойы бақылап, ақпаратты жедел түрде полиция нарядтарына жолдайды.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді тұтынғаны немесе мас күйінде жүргені үшін 2711 азаматқа қатысты әкімшілік шаралар қабылдады.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға және Қазақстан Республикасының заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Заң мен тәртіпті сақтау – қауіпсіз әрі жайлы қоғамның негізі.

Еске сала кетейік, «Заң мен тәртіп» қағидаты — Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты ретінде жүзеге асырылып жатқан, заңның үстемдігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қағидат.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары