Алматы – Өскемен тасжолындағы апатта бір адам қаза тауып, жеті адам жарақат алды

/
Алматы – Өскемен тасжолындағы апатта бір адам қаза тауып, жеті адам жарақат алды
istockphoto.com

Жетісу облысындағы Алматы – Өскемен автожолының 171-шақырымында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды. Екі Toyota Camry автокөлігінің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы жеті адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияның мәліметінше, аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, өзімен бір бағытта келе жатқан тағы бір Toyota Camry автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Toyota Camry көліктерінің бірінің 56 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы жеті адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы мен себептері қозғалған қылмыстық іс аясында анықталуда.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

– Жол қозғалысы ережелерін бұлжытпай сақтауға, жол және ауа райы жағдайын ескере отырып қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, арақашықтықты сақтауға және көлік құралын басқару кезінде алаңдамауға шақырамыз. Жолдағы қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушыға байланысты екенін ұмытпаңыздар, – деп атап өтті полиция.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары