Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан U23 Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы 4×100 метрлік эстафетада қола жүлде жеңіп алды.
Эстафета финалында Анна Шумило, Екатерина Пузырева, Татьяна Но және Дарья Гридасова ел намысын қорғады. Қазақстандық спортшылар қашықтықты 50,90 секундта жүгіріп өтіп, үшінші орынға тұрақтады.
Жарыста Қытай құрамасы алтын медаль иеленсе, Үндістан күміс жүлдеге қол жеткізді. Қазақстан құрамасы жарысты қола медальмен қорытындылады.
Қазақстандық жеңіл атлеттер Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды