Шығыс Қазақстанда қайғылы жағдай болды

/
Шығыс Қазақстанда қайғылы жағдай болды
ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Уварово ауылында өрттен ерлі-зайыпты қаза болды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Жеке тұрғын үй өртенген. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 1948 жылы туған үй иесі үйден өз бетінше шығып үлгерген, алайда ол түтінге уланып қалған.

"Оқиға орнына келген апатты медицина орталығының дәрігерлері реанимациялық шаралар өткізді, бірақ ер адамды құтқару мүмкін болмады. Өртті сөндіру кезінде ТЖД қызметкерлері 1953 жылы туған үй иесінің әйелінің денесін тапты", - дейді өрт сөндірушілер.

Өрт 80 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді. Өрттің қалай, неден шыққаны анықталып жатыр.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қаза болған зейнеткерлер ата-анасынан айырылған 19 және 17 жастағы екі немересін тәрбиелеп отырған. Өрт кезінде бойжеткендер үйде болмаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары