Жеңіл атлетика: Ясмина Тоқсанбаева Азия чемпионатында қола медаль алды

/
Жеңіл атлетика: Ясмина Тоқсанбаева Азия чемпионатында қола медаль алды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Қазақстан жеңіл атлетикадан Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы бір медальға қол жеткізді, деп хабарлайды olimpic.kz.

Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте үшінші орынға ие болды. Отандасымыз 1:41:26 нәтижесімен мәреге жетті.

Сондай-ақ Эльмира Калимуллина бесінші орынға табан тіреді.

Қытайлық Нин Цзиньлинь алтын медаль жеңіп алды - 1:38:24. Оның командаласы Доу Маоцо күміс жүлдеге ие болды - 1:39:01.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары