«Жаның жәннатта болсын»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі қара жамалды

/
«Жаның жәннатта болсын»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі қара жамалды
Видеодан скриншот

Актер Дархан Мұсаев әлеуметтік желіде әкесінің өмірден өткенін хабарлап, жүрек тебірентерлік жазба жариялады. Өнер иесі бұл күннің өзі үшін ең ауыр сәттердің бірі екенін айтып, көпшіліктен марқұмның рухына дұға бағыштауды сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Әкем бұл дүниемен қоштасты. Бұл қасіретті сөзді жазудың өзі қандай ауыр екенін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Артымнан тірек болған, ақылын айтып, дұғасымен қорғап болған асқар тауымнан айырылдым. Алланың жазуына разымыз. “Расында, біз Аллаға тәнбіз әрі Оған қайтушымыз”», – деп жазды Дархан Мұсаев.  

Сондай-ақ актер көпшіліктен әкесінің рухына дұға бағыштауды сұрап, марқұмға арнаған ақ тілегін жеткізді.  

«Баршаңыздан әкемнің рухына дұға жасауларыңызды сұраймын. Алла Тағала күнәларын кешіріп, қабірін кең етіп, нұрға бөлесін. Жәннаттың ең жоғары дәрежелерінен орын нәсіп етсін. Әке, Алла сізді рақымына бөлесін. Сізді ешқашан ұмытпаймыз», – деді ол.  

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары