«Әкемнің атына көше берсін»: «Дос-Мұқасанның» негізін қалған Бақытжан Жұмаділовтің ұлы көпшіліктен көмек сұрады

/
«Әкемнің атына көше берсін»: «Дос-Мұқасанның» негізін қалған Бақытжан Жұмаділовтің ұлы көпшіліктен көмек сұрады

«Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаған әйгілі әнші Бақытжан Жұмаділовтің ұлы Дияр Жұмаділов әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікке үндеу жолдады. Ол Алматыдан әкесінің атына көше беруді сұрайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Иә, мен аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің солисі Бақытжан Жұмаділовтің ұлымын. Мен бірнеше жылдан бері әкемнің есімін ел жадында қалдыру үшін тырысып жүрмін, бірақ маған әкімшілік, қаржылық ресурс жетіспейді. Уақыт та тапшы. Менің мақсатым – Алматы көшелерінің біріне әкемнің есімін берсе деймін. Бақытжан Жұмаділов қазақ мәдениетін әлемдік сахнада көрсетуге өмірін арнады. Оның атының қала картасында пайда болуы оның еңбегінің еленгені болар еді», - деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары