Диетолог калориясы көп жемістерді атады

/
Диетолог калориясы көп жемістерді атады

Медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер-диетолог Елена Соломатина арықтау кезінде кейбір жемістерді шамадан тыс тұтынуға болмайтынын айтты. Оның сөзінше, манго мен банан калориясы жоғары жемістердің қатарына жатады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Маманның айтуынша, авокадоның да энергетикалық құндылығы жоғары. Орташа бір авокадода шамамен 300–350 килокалория және 30 грамға жуық май болады. Дегенмен бұл жеміс қандағы глюкоза деңгейін күрт көтермейтіндіктен, ұзақ уақыт тоқтық сезімін сақтауға көмектеседі. Сондықтан оны диета кезінде толықтай алып тастаудың қажеті жоқ.

Елена Соломатина жүгеріні де сақтықпен тұтынуға кеңес береді. Оның 100 грамында шамамен 120 килокалория бар. Сонымен қатар жүгері мен картоптың құрамындағы крахмал артық салмақ қосуға ықпал етуі мүмкін.

Бананның да калориясы жоғары: 100 грамында шамамен 90–100 килокалория болады. Ірі бір бананның өзі рационға шамамен 200 килокалория қосады. Алайда дәрігердің айтуынша, толық піспеген банандағы төзімді крахмал (резистентті крахмал) баяу қорытылады және қандағы қант деңгейінің күрт көтерілуіне жол бермейді.

Жүзімнің калориясы салыстырмалы түрде төменірек – 100 грамында 70–75 килокалория. Бірақ тәтті әрі шырынды болғандықтан, оны байқамай көп жеп қою оңай.

Диетологтың айтуынша, манго да осы тұрғыдан қауіпті. Сондықтан салмақ тастағысы келетін адамдарға оны мөлшермен тұтынған жөн.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар