Астанада қоғамдық орында балағат сөз айтқан спортшыға айыппұл салынды

/
Астанада қоғамдық орында балағат сөз айтқан спортшыға айыппұл салынды
видеодан скриншот

Қазақстандық спортшы қоғамдық іс-шара кезінде балағат сөздер айтып, сот шешімімен айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қоғамдық орында әдепсіз сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік таныту арқылы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік білдіретін кез келген әрекет қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салады.

Қоғамдық тәртіп – мәдениетті мінез-құлық пен өзара құрметтен басталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар