«Аяқ киімімен ұратын»»: Гүлнұр Оразымбетова жан сырын ақтарды

/
«Аяқ киімімен ұратын»»: Гүлнұр Оразымбетова жан сырын ақтарды
Видеодан скриншот

Әнші Гүлнұр Оразымбетова әлеуметтік желідегі парақшасында балалық шағынан сыр шертіп, оқырмандарына қызықты естелігін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесінің айтуынша, бала кезінде велосипед тебуді ерекше жақсы көрген. Алайда анасы қыз баланың көше кезіп, велосипед айдағанын құптамай, жиі ескерту жасап отырған.

«Бала кезімде велосипед айдап, ауылдың көшесінің шаңын шығаратын едім. Кешке үйде үлкен ұрыс болатын. "Қыз бала велосипед тепкен не бәле? Үйіңді жинап, сыпырмайсың ба? Ана қыз тағы да велосипедпен кетіп қалды ма?" деп анам ұрысатын», – деп жазды әнші.

Гүлнұр Оразымбетова бүгінде велосипед те, автокөлік те жүргізе алмайтынын айтып, бұл жайында ата-анасымен күліп еске алғанын жеткізді.

«Әке-шешеме соны айтып, бір күліп алдық. "Сені велосипед тептің деп сонша неге тәпішкемен ұрдым екен?" деп анамның өзі күліп отыр. Сендерде де осындай жағдай болды ма?» – деп жазбасын оқырмандарына сұрақпен аяқтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары