Павлодарда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті (ВИДЕО)

/
Павлодарда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті (ВИДЕО)
brazzo/Getty Images

Павлодарда шұғыл шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол апатының видеосы жергілікті Instagram-пабликтердің бірінде жарияланды. Мәліметке сүйенсек, оқиға Павлодар қаласында Сәтбаев көшесіндегі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Жедел жәрдем бригадасы бірінші санаттағы шұғыл шақыртуға бара жатқан.

Жарияланған жазбада реанимобильдің көк шамы мен сиренасы қосулы болғаны айтылады. Көлік "зебрадан" өтіп бара жатқан сәтте жолға әйел адам шыққан. Соқтығыс болғаннан кейін 103 қызметкерлері зардап шеккен әйелге бірден алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізген. Ал жедел жәрдем бара жатқан шақырту басқа бригадаға берілген.

Оқиғаға қатысты Павлодар қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.

"7 шілде күні JAC маркалы жедел жәрдем көлігін басқарған жүргізуші Академик Сәтбаев көшесімен келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары