Атырау облысының прокуратурасы атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Биылғы жылдың өткен кезеңінде заңдылықтың бұзылуын жою туралы 29 ұсыну енгізіліп, қарау нәтижелері бойынша мемлекет кірісіне 137,8 млн теңге өндірілді.
124 млн теңге көлеміндегі алимент бойынша берешек, 842 мың теңге жалақы өтелді.
35 сот орындаушысы тәртіптік, 68 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Балаларды асырауға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактілері бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабымен 18 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеліп, бүгінгі күні 6 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Мәселен, Атырау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 19.05.2026ж. үкімімен алимент бойынша 7 млн теңге мөлшерінде берешегі бар және 2 жылдан астам уақыт бойы өзінің кәмелетке толмаған балаларын асырау жөніндегі міндеттемелерін орындамаған «К» азаматы 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.
Осы бағыттағы жұмыстар облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.