Таиландта кәмелетке толмаған жүргізуші тоғыз монахты қағып кетті

/
Таиландта кәмелетке толмаған жүргізуші тоғыз монахты қағып кетті
Фото: The New York Times

Таиландтың Мукдахан провинциясында 11 жастағы баланың рөлге отыруы қайғылы жағдайға ұласты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап шыққан бала будда монахтары тобына соғылып, салдарынан тоғыз адам көз жұмды, тағы 18 адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Оқиға 2 шілде күні түске қарай болған. Барлығы 34 будда монахы жаяу қажылық сапарымен келе жатқан. Олар На Си Нуан ауылы маңындағы ғибадатханада аялдап, түскі астан кейін жолдарын жалғастырған сәтте жоғары жылдамдықпен келген пикап оларды қағып кеткен.

Апат орнында бес монах қаза тапса, тағы үшеуі ауруханада жан тапсырған. Кейін тағы бір монахтың қайтыс болғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта 18 адам жансақтау бөлімінде ем алып жатыр.

Тергеу барысында көлікті тізгіндеген 11 жастағы баланың әкесінің көлігін рұқсатсыз алып кеткені анықталды. Полицияның мәліметінше, бала ерекше күтімді қажет етеді. Ол тергеу амалдары үшін полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары