Анна Данилина Уимблдон-2026 аралас жұптық сынында екінші айналымда жарыс жолынан шықты

/
Анна Данилина Уимблдон-2026 аралас жұптық сынында екінші айналымда жарыс жолынан шықты
ҚТФ

Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Уимблдон-2026 турнирінің аралас жұптық сайысында екінші айналымда жеңіліске ұшырады.

Қазақстандық теннисші аралас жұптық сында америкалық Джеймс Трэйсимен бірге өнер көрсетті.

Екінші айналымдағы кездесуде Данилина мен Трэйсидің қарсыластары аргентиналық Гвидо Андреоцци мен индонезиялық Алдила Сутджиади болды. Үш сетке созылған матчта қазақстандық-америкалық жұп 6:7 (6:8), 7:5, 3:6 есебімен жеңілді.

Теннисшілер кортта 2 сағат 2 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Анна мен Джеймс сегіз эйс жасап, жеті рет қос қателікке жол берді және үш брейк-пойнттың біреуін ғана тиімді пайдаланды.

Осылайша, Данилина Уимблдонның аралас жұптық сынындағы жарысын екінші айналымда аяқтады. Дегенмен қазақстандық теннисші әйелдер арасындағы жұптық сында сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетуін жалғастырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары