Астанадағы көлік көп жүретін қиылыстардың бірінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды turkystan.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол төсемін жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Жөндеу жұмыстарына байланысты 5 және 6 шілдеде бұл учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.