Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік науқан өтті

/
Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік науқан өтті
Фото: Алматы қ. әкімдігі

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы қаласында ұлттық өнер мен мәдениетті дәріптеуге арналған ерекше мерекелік науқан ұйымдастырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қаланың мәдени шығармашылық ұжымдары қала тұрғындары мен қонақтарын ұлттық мерекемен құттықтап, дәстүрлі өнердің көркем үлгілерін ұсынды.

Мерекелік науқанның бағыты Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрынан басталып, Панфилов көшесі арқылы өтіп, Арбатта жалғасты. Қала көшелерін әсем әуенге бөлеген өнерпаздар жол бойы тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін жарқын мәдени науқан өткізді.

Науқанға Алматы қаласының жетекші шығармашылық ұжымдары – «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Әшімов театрының шығармашылық ұжымы және Алатау дәстүрлі өнер театрының өнерпаздары қатысты. Олар қазақтың дәстүрлі әндері мен күйлерін орындап, ұлттық нақыштағы билерін ұсынып, халқымыздың бай мәдени мұрасын көпшілікке паш етті.

Ұлттық киім киген өнерпаздардың әсерлі шеруі мен домбыраның қоңыр үні қала тұрғындарының ерекше ықыласына бөленді. Көпшілік ұлттық әндерге қосылып, өнер иелеріне қошемет көрсетіп, мерекелік атмосфераны бірге сезінді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары