Әнші Жанар Айжанова «Мамский әңгіме» подкастында қызы Айжұлдыздың ажырасу кезеңі туралы алғаш рет ашық пікір білдірді, деп turkystan.kz.
Өнер иесінің айтуынша, бұл жағдай қызы үшін оңай болмаған. Сол кезде ол Айжұлдызға барынша қолдау көрсетіп, ең алдымен өзінің және дүниеге келетін сәбиінің амандығын ойлауға кеңес берген.
Жанар Айжанова уақыт өте келе бәрі өз орнына түсетінін айтып, қызына мұңаймауға жігер бергенін жеткізді. Оның сөзінше, Айжұлдыз аман-есен босанып, бүгінде бар назарын баласына аударып отыр.
Сондай-ақ әнші бұрынғы күйеубаласына қатысты да ойын білдіріп, бір отбасын бақытты ете алмаған адамды сөз етудің қажеті жоқ екенін айтты.