Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының жаңартылған бағамы белгілі болды.
Kurs.kz порталының мәліметінше, Астанадағы айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 471,95 теңгеден сатып алынып, 478,92 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 540 теңге, сату бағамы – 549,97 теңге. Ресей рублі 5,80–6,10 теңге аралығында саудаланса, Қытай юані 69,45 теңгеден сатып алынып, 74,16 теңгеден сатылуда.
Алматыдағы айырбастау орындарында доллар 474,43 теңгеден сатып алынып, 476,64 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның бағамы 540,81–546,14 теңге аралығында. Ал рубльдің құны 5,84–5,98 теңге болса, юань 71,08–73,41 теңге аралығында айырбасталуда.