Есірткі айналымына қарсы күрес: 6 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды

/
Есірткі айналымына қарсы күрес: 6 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды
Polisia.kz

Ішкі істер министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтті. Осы жиында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласында 1 880-нен астам есірткі қылмысының жолы кесілгені айтылды. Бұл туралы Polisia.kz жазды. 

Оның ішінде бір трансұлттық топты қоса алғанда 6 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылып, 9 ұйымдастырушы мен 29 белсенді қатысушы ұсталды. Заңсыз айналымға жарты тоннадан астам синтетикалық есірткінің түсуіне жол берілмеді, — делінген хабарламада.

Министр есірткі зертханаларын анықтау, прекурсорларды заңсыз жеткізу арналарының жолын кесу, есірткі бизнесінің қаржылық ағындарын бұғаттау және жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейтуді тапсырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары