Семейде мас күйдегі ер адам судан құтқарылды

/
Семейде мас күйдегі ер адам судан құтқарылды
Pexels

Семейде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері судағы қайғылы оқиғаның алдын алып, мас күйде өзенде жүрген ер адамды құтқарып қалды.

Оқиға «Заря» коммуналдық жағажайында патрульдеу кезінде болған. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жағалаудан шамамен 20 метр қашықтықта жүрген 1991 жылы туған ер адамды байқап қалған.

Құтқарушылар ер адамды дереу жағаға жеткізді. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ, – деп мәлімдеді  ТЖМ.

Ведомство су жағасында демалу кезінде алкоголь ішу қайғылы жағдайлардың қаупін едәуір арттыратынын тағы да еске салды.

Мас күйде суға түспеңіздер. Алкоголь адамның зейінін әлсіретіп, реакциясын баяулатады және судағы жазатайым оқиғалардың қаупін бірнеше есе арттырады. Қауіпсіздік ережелерін сақтап, су жағасында жауапкершілікпен демалыңыздар, – деп үндеу жасады ТЖМ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар