Таразда таңға жақын жер сілкінді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Жер сілкінісін ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 шілде сағат 04:40-та тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 413 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Тараз қаласында жер асты дүмпуі 2 балл шамасында сезілді. Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ