Дархан Сатыбалды Балалар ғылым музейінің құрылысымен танысты

/
Дархан Сатыбалды Балалар ғылым музейінің құрылысымен танысты
Фото: Алматы қ. әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Республика алаңында салынып жатқан Балалар ғылым музейінің құрылысымен танысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қала әкімінің айтуынша, бұл – Алматы үшін маңызды жобалардың бірі. Музей балалардың ғылымға қызығушылығын арттырып, оны қолжетімді әрі түсінікті етуге бағытталған.

Жоба аясында музейде интерактивті экспозициялар, зертханалар мен тақырыптық аймақтар ашылады. Мұнда балалар тәжірибе жасап, ғылыми эксперименттер жүргізіп, заманауи технологиялардың көмегімен білім алу мүмкіндігіне ие болады.

Қазіргі уақытта нысанда құрылыс, аумақты абаттандыру және қажетті жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дархан Сатыбалды жобаның сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын ерекше бақылауда ұстауды тапсырғанын айтты.

Әкімнің сөзінше, Балалар ғылым музейі балалар мен олардың ата-аналары үшін сұранысқа ие заманауи білім беру кеңістігіне айналып, Алматының жаңа тартымды орындарының бірі болмақ.

Еске сала кетейік, бұл жоба Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары