Шымкентте бопсалаумен айналысқан блогер мен оның сыбайластары ұсталды

/
Шымкентте бопсалаумен айналысқан блогер мен оның сыбайластары ұсталды
Polisia.kz

Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерде беделге нұқсан келтіретін бейнематериалдарды жариялаймын деп қорқытып, азаматтардан ақша бопсалаумен айналысқан топтың заңсыз әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жедел іс-шаралар барысында Instagram желісінде 150 мыңға жуық оқырманы бар жергілікті блогердің үш сыбайласымен бірге кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлерді әдейі бейнетаспаға түсіріп жүргені анықталды.

Олар қызметтік міндеттерін атқару барысында болды деп болжанған тәртіп бұзушылықтарды, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке қатысты болуы мүмкін заң бұзушылықтарды сылтау етіп, түрлі бейнематериалдар жинаған.

Кейін сол бейнежазбаларды әлеуметтік желіге жарияламау үшін азаматтардан ақша талап еткен.

Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары