Жамбыл аудандық соты тұрғын үйге заңсыз кіру арқылы бірнеше рет жасалған ұрлық фактісі бойынша сотталушы С.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Соттың мәліметінше, 2025 жылдың қыркүйегінде мектеп мұғалімі К.-ға (жәбірленуші) туған інісі келіп, үйдің кілтін сұраған. Сотталушы С. жәбірленушінің әріптесі болып, үйдің кілтінің жасырылған жері туралы естіген. Бірнеше күннен кейін сотталушы материалдық қиындықтарға тап болып, К.-ның кешке дейін жұмыста екенін біліп, алдап жұмыстан шығып, әріптесінің үйінің кілтін тауып, үйге кірген. Үйде ол алтын кулон мен алтын сақинаны ұрлап кеткен. Жасалған қылмысты ешкім байқамағандықтан, бірнеше күннен кейін С. К.-ның үйіне қайта кіріп, алтын алқа мен алтын білезікті ұрлап кеткен.
Сотталушы кінәсін мойындап, өкініш білдіріп, прокурордың позициясымен келісті.
Жәбірленуші С.-ға ешбір қарсылығы жоқ екенін түсіндіріп, келтірілген материалдық залалдың толығымен өтелгенін хабарлады.
Сот үкімімен С. ҚК 188-бабы 3-бөлігінің 2, 3) тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес тағайындалған жазаны орындау қызы 14 жасқа толғанға дейін – 3 жылға кейінге қалдырылды.