«Келіннің жылап келгені керек емес»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарының тәрбиесіне қатысты ұстанымын айтты

/
«Келіннің жылап келгені керек емес»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарының тәрбиесіне қатысты ұстанымын айтты

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында ажырасу тақырыбы жайлы сөз қозғап, өзінің де болашақта келін әкелетін ұлдарын қалай тәрбиелеп жатқанын айтқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Сыночка-корзиночка» деген мем маған күлкілі емес. Байқап жүрсіздер ғой, қазір үлкенге де кішіге де ажырасу оп-оңай, ешкім сынамайды, жөнге салмайды, татуластыру тіпті жоқ. Демократия осы екен, бұл қалыпты жағдай  деп қабылдаймыз. Ерлі-зайыптылар бір-бірін емес, бір-бірінің ата-анасымен күресіп кететін жағдайлар көп. Бірі ананы кінәлайды, бірі келінді, бірі баланы. Бірақ шындық көбіне ортасында. Кейде ата-ана ұлын тым аялап өсіреді. Кейде әйел ер адамның жауапкершілігін өз мойнына алып қояды. Кейде ер адамның өзі есеюге асықпайды. Мәселе «сыночка-корзиночкада» емес. Мәселе – ересек адамның ересек жауапкершілікті алуға дайын болмауында. Ұлға да, қызға да қалдыратын ең үлкен мұрамыз – ақша емес, жауапкершілік, дербестік және отбасы құндылығын түсіндіру. Қалай?  Өз іс-әрекетіңмен. Сөзбен емес», - дейді ол.

Журналист сондай-ақ өзінің де ұлдарымен арасы алыстай бастағанын жеткізді.

«Өз тәжірбиемде ұлдармен бірге өткізер сәттеріміз азайып барады. Ұлдармен айтылмайтын тақырып көбейіп барады. Ортадағы шекара қалыңдап, “жеке” мәселелері көбеюде. Махаббат тек сүйісу мен қол ұстасып қыдыру емес екенін өз тәжірибелерінде түсінген. Қазір, тағы да өз тәжірибемнен ұлдарға «не жедің, не кидің, нәскиің таза ма, есікті құлыптадың ба, көлік жуылды ма, шеге қағылды ма емес жазда жоспарда ақша табу бар ма, ұсыныстар іздедің бе, чекап қашан өтесің, ана туысқа көңіл айттың ба?» деген сұрақтарға алмастырудамын. Маған ертең «сыночка-корзиночкаларың ренжітті» деп келіннің жылап келгені мен “шешесі Ләйләнің істеп  жүргені” деген әңгіме керек емес!»,- дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары