Мемлекет басшысының өкімімен Марат Әзілханов қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.
Марат Алмасұлы 1965 жылы 3 қаңтарда Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген.
1988 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, 2000 жылы Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Академиясын, 2019 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.
Еңбек өтілі:
1988 - 1989 жылдары – Қызылорда қалалық ауруханасының дәрігері;
1989 - 1992 жылдары – Қызылорда қалалық №5 емханасының хирург дәрігері;
1992 - 2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарындағы қызметі;
2011 - 2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары;
2013 - 2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы;
2014 - 2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі;
2016 - 2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы;
2018 - 2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы;
2019 - 2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі;
2021 жылғы сәуірден қазірге дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі.