1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметте не өзгереді?

1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметте не өзгереді?
Фото: МҚІА Баспасөз қызметі

1 шілдеден бастап не өзгереді? «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күшіне енеді.

Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін

  • Мемлекеттік органның тиімділігіне халық баға береді
  • Азматтардың өтініштерінде қателіктер мен сәйкессіздіктер болса бірден кері қайтарылмайды. Түзетуге мүмкіндік беріледі
  • Азматтардың ұсыныстары шешім қабылдау кезінде ескеріледі

Цифрлы мемлекеттік қызмет

  • Конкурс мерзімі 5-7 жұмыс күніне дейін қысқарды
  • Іріктеу толық цифрлық форматта
  • 3 айдан астам бос тұрған лауазымдарға автоматты түрде конкурс жарияланады

Мемлекеттік қызметке даярлау

  • Дайындық мектептен басталады
  • Жыл сайын арнайы мамандықтарға 200 грант бөлінеді
  • 200 грант бойынша оқыған түлектер мемлекеттік қызметке конкурссыз тағайындалады

Талантты жастарға арналған мүмкіндіктер

  • ЖОО-ны жақсы нәтижемен (GPA 3.33) аяқтаған түлектер конкурссыз орналасады
  • Президенттік жастар кадр резерві жастарға арналған әлеуметтік лифт
  • Өңірлерде жастар кадр резерві қалыптасты

Тәлімгерлік

  • Алғаш кірген азаматтарға кәсіптік  бейімделуі үшін тәлімгерлер беріледі
  • Тәлімгерлер ретінде кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар мемлекеттік қызметші бекітіледі

Мансаптық өсу мен меритократия

  • Қызмет нәтижесіне, құзырет, қабілетіне қарай өсу мүмкіндігі қарастырылған
  • Бір лауазым шеңберінде жалақы мөлшері өседі. Мамандар басшылармен бірдей жалақы алуы мүмкін
  • Бағалау нәтижелері мансаптық өсуге ықпал етілді
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар