Таза Қазақстан: Атырауда өзен жағалауларында экологиялық рейд өткізілді

/
Таза Қазақстан: Атырауда өзен жағалауларында экологиялық рейд өткізілді
polisia.kz

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Атырау облысының полиция қызметкерлері су көлігімен өзен жағалауларындағы демалыс орындарында рейдтік-профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Рейд барысында демалушыларға қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы түсіндіріліп, тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға тастау, табиғатты ластамау және қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғи аумақтардың тазалығын сақтау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау қағидаларын кеңінен насихаттау.

Тәртіп сақшылары табиғат аясындағы демалыс әр азаматтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігімен ұштасуы тиіс екенін атап өтті. Өйткені тазалықты сақтау – тек мемлекеттік органдардың емес, барша қоғамның ортақ міндеті.

Полиция азаматтарды табиғат аясында демалғаннан кейін қоқысты жинап, арнайы орындарға тастауға және туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға шақырады.

Еске сала кетейік, «Таза Қазақстан» — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған ауқымды республикалық экологиялық акция. Жоба қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және ұлттық экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары