Атырауда мал иелеріне жарық шағылыстырғыш ленталар таратылды

/
Атырауда мал иелеріне жарық шағылыстырғыш ленталар таратылды
polisia.kz

Төрт түліктің қатысуымен болатын жол апаттарының алдын алу мақсатында Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының взвод командирі Ақылбек Хошаев тасжолдарға жақын орналасқан шаруа қожалықтарының иелерімен профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шара барысында төрт-түлік малдың мойнына тағылатын 200-ден астам жарық шағылыстырғыш лента таратылып, үй жануарларын қараусыз қалдырмау және оларды жол бойында бақылаусыз жаюға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жарық шағылыстырғыш ленталар қараңғы уақытта жүргізушілерге жолға шығып кеткен жануарларды алыстан байқап, қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері облыс аумағында үй жануарларының қатысуымен 60-қа жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп, көліктерге зақым келіп, мал иелері материалдық шығынға ұшырауда.

Осыған орай тәртіп сақшылары барлық мал иелерін төрт түлікті бақылаусыз жібермеуге, әсіресе республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдардың бойында жаюға жол бермеуге шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары