Қарағанды облысында жас жігіт суға батып кетті

/
Қарағанды облысында жас жігіт суға батып кетті
istockphoto.com

Қарағанды облысының Абай ауданында жас жігіт су қоймасына батып кетті. Су қоймасы шомылуға арналмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жедел жетті.

Ведомствоның мәліметінше, іздестіру жұмыстары барысында марқұмның денесі жағалаудан үш метр қашықтықта, алты метр тереңдіктен табылып, судан шығарылды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Еске салайық, өңірде осыған ұқсас қайғылы жағдай 17 маусым күні де болған еді. Сол кезде жасанды су айдынында 2010 жылы туған жасөспірім суға батып кеткен.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салады. Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін тек шомылуға рұқсат етілген орындарды таңдап, балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмау қажет.

Құтқарушылардың айтуынша, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау адам өмірін сақтап, орны толмас қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары