Литва үкіметі отставкаға кетті

/
Литва үкіметі отставкаға кетті
сурет: © AP Photo/ Ebrahim Noroozi

Литва үкіметі премьер-министр Инга Ругинене жетекшілігімен толық құрамда отставкаға кететінін мәлімдеді. Мұндай шешім Министрлер кабинетінің отырысында бірауыздан қабылданған, деп хабарлайды turkystan.kz lrt.lt-ға сілтеме жасап.

Премьер-министрдің айтуынша, үкімет қызметі барысында түрлі қиындыққа қарамастан, мемлекет пен азаматтардың игілігі жолында бірқатар маңызды жұмыс атқарылған.

«Барлық қиындыққа қарамастан, мемлекет пен оның халқының игілігі жолында атқарылған жұмыстарымызды мақтан тұта аламыз. Бүгін біз отставкаға кету туралы шешім қабылдап отырмыз», – деді Ругинене.

Үкіметтің отставкаға кетуіне билік коалициясындағы өзгерістер себеп болған. Маусымның басында билеуші партия Литва социал-демократтары Dawn of Nemunas партиясымен ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын. Социал-демократтар бұрынғы серіктестерін популистік саясат жүргізді деп айыптады. Саяси күштердің жаңа конфигурациясына байланысты ел басшылығы үкімет жұмысын толық қайта жаңғырту, яғни «қайта іске қосу» туралы шешім қабылдаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары