Алматы облысының конкурдан чемпионаты өтеді

/
Алматы облысының конкурдан чемпионаты өтеді
Фото: Ат спорты федерациясы

2026 жылғы 27 маусымда Almaty Horse & Polo Club ат-спорт кешенінде конкурдан Алматы облысының чемпионаты ұйымдастырылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дәстүрлі жарысқа Қазақстанның әр өңірінен келген 50-ден астам спортшы қатысады. Шабандоздар әртүрлі деңгейдегі бағыттар бойынша сынға түсіп, өзара шеберлік байқасады.

Турнир барысында қатысушылардың атпен үйлесімділігі, кәсіби дайындығы, жылдамдығы мен дәлдігі бағаланады.

Жарыс бағдарламасына әртүрлі күрделілік деңгейіндегі бағыттар, балалар, жасөспірімдер және әуесқой шабандоздардың өнер көрсетуі енгізілген. Сонымен қатар чемпиондық атақ үшін тартысты бәсеке өтеді деп жоспарланып отыр.

Конкур – шабандоз бен ат арасындағы өзара сенім мен жоғары дайындықты талап ететін олимпиадалық ат спорты түрі.

Іс-шара 27 маусым күні сағат 10:00-де басталады.

Өтетін орны: Almaty Horse & Polo Club ат-спорт кешені, Алматы облысы, Талғар ауданы, Рысқұлов ауылы.

Ұйымдастырушылар ат спорты жанкүйерлерін жарысты тамашалап, қатысушыларға қолдау көрсетуге шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар