Абай облысында жүргізушілерге заңсыз салынған 800 мың теңге айыппұл қайтарылды

/
Абай облысында жүргізушілерге заңсыз салынған 800 мың теңге айыппұл қайтарылды
istockphoto.com

Абай облысы Аягөз ауданының прокуратурасы жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін камералардың жұмысында заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аягөз қаласындағы көшелердің бірінде көлік қозғалысына рұқсат етілген жылдамдық сағатына 60 км болғанына қарамастан, автоматты тіркеу кешенінің баптауларында шекті жылдамдық 40 км/сағ ретінде қате белгіленгені анықталды.

Осының салдарынан 172 азамат әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тартылған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңсыз шығарылған қаулылардың барлығының күші жойылып, төленген айыппұлдарды қайтару жұмыстары ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда көлік иелеріне 800 мың теңгеден астам қаражат қайтарылды. Қаражаттарды қайтару жұмыстары жалғасуда.

Абай облысының прокуратурасы азаматтарға әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тарту фактілері анықталған жағдайда, өз құқықтарын қалпына келтіру үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе прокуратура органдарына жүгінуге құқылы екенін түсіндіреді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары