"Әдиям аяқ-қолын бауырына алды": Сәкен Майғазиев немересін көрсетті (ФОТО)

/
"Әдиям аяқ-қолын бауырына алды": Сәкен Майғазиев немересін көрсетті (ФОТО)
SN.kz коллажы

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде немересіне қатысты қуанышты жазба жариялады, деп turkystan.kz тілшісі Sn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесі сәби мен анасының жағдайы жақсы екенін айтып, оқырмандарына ақ тілектері үшін алғыс білдірді.

"Алла ұлық! Әдиямның аман-есен аяқ-қолын бауырына алғанына шексіз шүкірлік етемін. Құттықтауларыңыз бен ақ тілектеріңізге мың рахмет! Бізге не тілесеңіздер, Алла тағала өздеріңізге еселеп берсін. Анашымды шөбересімен құттықтай келгем. "Шөбереңіздің атын өзіңіз қоясыз ба?" – десем, "Өздерің қалаған есімді қойыңдар, батамды бердім, разымын", – дейді. Отбасымыз таңдаған 7-8 есімді бір жариялап көрейін: "Әйбике", "Әйкен", "Ақнәзік", "Бөрте", "Айым", "Әсел", "Әсем", "Әдемі", "Әдемау"... Сіздер қандай есім ұсынар едіңіздер?" – деп жазды Сәкен Майғазиев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары