Жапырақ Епенова: Бұл – бүкіл Маңғыстау дәрігерлеріне берілген марапат

/
Жапырақ Епенова: Бұл – бүкіл Маңғыстау дәрігерлеріне берілген марапат

21 маусым – медицина қызметкерлерінің күні. Кәсіби мерекелері қарсаңында ақ халатты абзал жандарды Мемлекет басшысы Ақордаға шақырып, ерен еңбектерін бағалап, марапаттады. Награда алған мамандардың қатарында Маңғыстаудағы «Облыстық перинаталдық орталық» ЖШҚ МКК директоры, өңірде гинекологияны дамытуға, аналар мен сәбилердің өмірі мен денсаулығын сақтауға зор үлес қосып келе жатқан Епенова Жапырақ Кеңесханқызы бар. Тәжірибелі гинеколог маман бұл марапат жалғыз өзінің емес, күллі маңғыстаулық дәрігерлердің жетістігі екенін айтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бүгін «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» марапатын алдым. Жалпы, медицина саласындағы еңбек өтілім – 36 жыл. Алты жылдан бері «Облыстық перинеталдық орталықтың» басшысы қызметін атқарып келемін. Түрлі қиын сәттер өтті. Түрлі қиын ситуацияға тап боласың. Бірақ соның бәрінде ұжым болып ол ситуациядан шығасың. Себебі медицина – ол ұжымдық жұмыс. Бір адамның қолынан көп нәрсе келмейді. Біреу клиникалық диагностикалық жағынан мықты болса, біреу ота жасау жағынан мықты. Сондықтан бұл марапат менің ғана емес, менің артымда тұрған бүкіл ұжымның еңбегі деп ойлаймын. Ұжымыма сол үшін де рахметімді айтамын. Перинаталдық орталықтың ғана емес, бүкіл Маңғыстау облысының дәрігерлерінің жетістігі десе де болады. Былтыр республика көлемінде «Беделді перзентхана» атағына ие болдық. Биыл осы марапатты алып жатырмыз. Жұмыс қиын, күрделі. Бірақ ақ халатты абзал жан атымызға кір шалдырмауға тырысамыз», – дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар