Д.Абаев: Кәсіби қызметін атқарып жүрген журналиске қол көтеру фактісін айыптаймыз

Д.Абаев: Кәсіби қызметін атқарып жүрген журналиске қол көтеру фактісін айыптаймыз

Д.Абаев: Кәсіби қызметін атқарып жүрген журналиске қол көтеру фактісін айыптаймыз
ашық дереккөзі
438
Бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «31 арна» мен Қазақстан орталық концерт залы күзетшісінің арасындағы жанжалға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстан орталық концерт залында «31 арна» журналисіне күзетшінің қол көтеруіне байланысты Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ұстанымы мынандай: "Біз адамға, оның үстіне өзінің кәсіби қызметін атқарып жүрген журналиске қол көтерудің кез келген фактісін айыптаймыз. Бұл оқиғаға байланысты тыңғылықты тергеу жүргізілуін сұрайтын боламыз. Факті нәтижесі бойынша міндетті түрде мәлімдеме жасаймыз. Журналист тарапынан қателік орын алған күннің өзінде де біз қол көтеруді айыптаймыз», - деді министр ҚХА сессиясының аясында БАҚ өкілдеріне. Сонымен қатар Дәурен Абаев егер журналист заңнама мен ережелер аясында әрекет ететін болса, онда оған ешқандай кедергі жасалмауы тиістігін баса айтты. Айта кетейік, кеше бірқатар БАҚ Димаш Құбайбергеновтың құрметіне өткен «Әлем таныған Димаш» атты шара барысында Қазақстан орталық концерт залының күзетшісі «31 арна» тілшісіне қол жұмсағандығын жазған болатын.    

Серіктес жаңалықтары