305
Елбасы: "Артқа қарап, алға қарай жүруге болмайды"
Елбасы: "Артқа қарап, алға қарай жүруге болмайды"
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясын ашқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің дамуына кедергі жасайтын мәселелер төңірегінде ой өрбітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің дамуымызды қандай нәрсе тежейді? Біріншіден, артқа қарап, алға қарай жүруге болмайды. Олай кез келген тасқа сүрініп, басты жарып алуға болады. Солай емес пе? Бұл дегеніміз, заман талабына сай келмейтін нәрседен бас тарту қажет. Біздің санамызда бар таптаурын түсініктерден де арылу маңызды. Мәселен, қазір араб елдерін алып қарайықшы, халықты орта ғасырға тартқаннан не пайда? Сол себепті мен жастарға ылғи айтамын, керітартпалық жасамау қажет. Қара орамалды жамылудың қажеті жоқ. Ол - қазаққа жат нәрсе. Осы іспетті атрибуттарды мына жерге әкелмеу керек. Әйтпесе, мемлекеттің дамуына кедергі жасаймыз», - деді Назарбаев.
Президенттің айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясының үлгісінде өзара татулық пен түсіністік идеясын кеңінен насихаттау қажет. Осылайша, халықтың бірлігін күшейтіп, алға қарай қадам басқан маңызды.