Әйгілі "Барселона" академиясында тәлім алған футболшы "Қайрат" сапына қосылды

/
Әйгілі "Барселона" академиясында тәлім алған футболшы "Қайрат" сапына қосылды
Getty Images/Global Images Ukraine

Алматылық "Қайрат" испаниялық шабуылшы Марк Гуальмен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қайрат» футбол клубы испаниялық шабуылшы Марк Гуальмен келісімшарт жасалғанын мәлімдеді. Келісімшарт 2027 жылдың соңына дейін есептелген.

  • Жасы: 30
  • Позициясы: орталық шабуылшы
  • Бойы: 184 см
  • Салмағы: 73 кг

Марк Гуаль Каталонияның Бадалона қаласында дүниеге келген. Ол "Бадалона", "Барселона" және "Эспаньол" клубтарының академияларында тәрбиеленген. Кәсіби деңгейде "Севилья Атлетико", "Сарагоса", "Жирона", "Реал Мадрид Кастилья" және "Алькоркон" командаларында өнер көрсеткен.

2022 жылдың көктемінде Гуаль Польшаның "Ягеллония" клубына ауысты. 2022/23 маусымының қорытындысы бойынша ол Польша чемпионатының үздік сұрмергені атанып, Экстраклассаның үздік шабуылшысы деп танылды.

2023 жылдың жазында испаниялық футболшы Варшаваның "Легия" клубына қосылды. Бұл команда сапында Польша Суперкубогы мен Польша кубогын жеңіп алды. 2024/25 маусымында Марк барлық турнирде 19 гол соғып, команданың үздік сұрмергені болды. Оның ішінде УЕФА Конференциялар лигасында 7 гол соққан.

Шабуылшының соңғы клубы Португалия чемпионатының жоғары дивизионында өнер көрсететін "Риу Аве" болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары