Алматы хайуанаттар бағында келушілердің бірі арыстанға тас лақтырды

/
Алматы хайуанаттар бағында келушілердің бірі арыстанға тас лақтырды
shutterstock.com

Алматы хайуанаттар бағында келушілердің бірі Жұма есімді арыстанға тас лақтырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мекеме мәліметінше, келуші жануардың назарын аудару үшін осындай әрекетке барған. Хайуанаттар бағы өкілдері мұндай жағдайдың жануарларға зиян келтіріп, олардың күйзеліске түсуіне себеп болатынын ескертті.

"Келуші арыстанның назарын аудармақ болып, оған тас лақтырған. Хайуанаттар бағына келу ережелеріне сәйкес, жануарларға қандай да бір зат лақтыруға, қоршауды соғуға, оларды мазақтауға немесе әдейі мазасын алуға қатаң тыйым салынады", – делінген хабарламада.

Зообақ әкімшілігі жануарлар ойын-сауық құралы емес екенін атап өтті. Мұндай жауапсыз әрекеттер олардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне кері әсер етуі мүмкін.

Оқиғаға байланысты барлық материалдар, соның ішінде бейнебақылау камераларындағы жазбалар мен арыз полицияға жолданды. Құқық қорғау органдары бұл жайтқа заң аясында баға бермек.

"Барлық келушіні жануарларға құрметпен қарап, белгіленген ережелерді сақтауға шақырамыз. Жануарлардың қауіпсіздігі мен амандығы – біз үшін басты міндет", – деп мәлімдеді Алматы хайуанаттар бағы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары