Қазақстандық әнші Кенжебек Жанәбілов Мемлекет басшысының жарлығымен "Құрмет" орденінің иегері атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, өзіне қолдау көрсетіп жүрген көпшілікке алғыс айтты.
"Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында президентіміздің жарлығымен "Құрмет" орденіне ие болдық! Баршаңызға алғысымыз шексіз, аман болыңыздар!" – деп жазды әнші.
Айта кетейік, "Құрмет" ордені Қазақстанның әлеуметтік-мәдени дамуына, ғылым, білім, өнер және басқа да салаларға елеулі үлес қосқан азаматтарға берілетін мемлекеттік марапаттардың бірі.