270
Т.Дүйсенова: Әрбір төртінші азамат зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеген
Т.Дүйсенова: Әрбір төртінші азамат зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеген
Әрбір төртінші азамат қауіпті әрі зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеген. Былтырғы тексеріс нәтижесі осыны көрсеткен. Бұл туралы бүгін Астанада өткен халықаралық KIOSH-2017 көрмесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
Оның айтуынша, жұмыс берушілер өткен жылы 370 мыңдай қызметкерді қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз етпегені анықталған. Сондықтан алдағы уақытта еңбек қорғау саласында қызметтерді автоматтандыру, оқыс оқиғалардың алдын алу бағдарламасын жетілдіру қажет. Ал халықаралық көрмеге елімізбен қатар көршілес мемлекеттердің 40-тан астам тауар өндірушісі қатысты.
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Бұл – қауіпті жұмысы бар салалар үшін өте қажетті көрме. Біздің тауар өндірушілеріміз негізінен қазір киімдер шығарады. Аяқ киімді енді өндіре бастадық. Тараздың тері өндіру зауыты келіп көрсетіп жатыр. Екінші, құрылысқа қажетті каскалар, сақтандыру бұйымдарының барлығын Ресейден көріп жатырмыз.